26 Наурыз, 2015

Түрікмен журналисі шет елдерден саяси баспана сұрайды

342 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

24-03-15-hallyev-1

АСТАНА. 25 наурыз. Түрікменстанның жас журналисі, «Азаттық» радиостансасы түрікмен қызметінің бұрынғы тілшісі Умид Халлыев шет елдерден саяси баспана сұрап отыр. Бұл туралы «Гундогар» порталы хабарлады. «Азаттық» радиосы түрікмен қызметінің бұрынғы тілшісі және радионың қазіргі қызметкері Осман Халлыевтің ұлы, жас журналист Умид Халлыев өз отбасымен бірге елден кетіп қалған, қазір саяси баспана іздеп жүр», - делінген хабарламада. Умид әкесінен кек қайтару мақсатында жергілікті биліктің ықпалымен 2008 жылы Ашхабадтағы жоғары оқу орнынан шығып қалғаннан кейін, түрікмен арнайы қызметі тарапынан қудалауға ұшырайды. 2009 жылы ол Канадаға оқу бара жатқан жерінен алынып қалады. Содан соң да шет елдерге шыға алмайтындардың «қара тізімінде» тұрады. Түрікменстанда тәуелсіз журналистің жұмыс жасауы қаншалықты қиын екенін және неге қорытындыда елден мәңгілікке кетуге шешім қабылдағанын Умид жақында АНТ (Агентство новостей Туркменистана) тілшісіне берген сұхбатында айтып шығады. «Мен әскерден келгеннен кейін Түрікмен ұлттық әлем тілдері тнститутына қатарынан бірнеше жыл құжат тапсырдым. Бірақ мені ақшасыз ешкім оқуға қабылдаған жоқ. Ол жылдары Түрікменстанда жалпы парасыз бірде-бір жоғары оқу орнына түсу шын мәнінде мүлде мүмкін емес еді. Ақырында сәттілік алдынан шыққан санаулы абитуриенттердің бірі болдым. 2007 жылы менің де жолым болып кетті. «Рухнаманы» басынан аяғына дейін жатқа білетін болып, ағылшын және түрікмен тілдері бойынша мектептің бағдарламасын түгел меңгергесін, ақырында мен араб филологиясы кафедрасының студенті атандым. Сабақты жақсы оқыдым. Оқытушылар мұны жиі бағалап тұрды, керек кезінде Ашхабадта әртүрлі халықаралық конференциялар өткен кездері сабақтан босатылып, шет елдік меймандарға аудармашылық қызмет жасадым. Бірақ 2008 жылы менің екінші курсқа өтуіме жол берілмей, оқудан шығарылдым. Формалды түрде сабаққа үлгере алмауы себепті деп көрсетілгенімен, әкем Осман Халлыевтың «Азаттық» радиосында жұмыс істеуі бәрін осылай шешіп кетті. Мен оқып жүрген кездері ұлттық қауіпсіздік қызметінің қызметкерлері келіп жолығып, не менің әкемді радиода жұмыс істеуді қойғызуым керек екенін, не менің өзімнің оқудан шығып кетуімнің әрекеттері жасалатынын айтып кететін», - деді Умид Халлыев. Мұрат Айтқожа. Мәнбе: Гундогар. Сурет: Новости Туркменистана.