Фото: Instagram/shavkat.rakhmonov94
UFC сайтындағы мәліметке сүйенсек, Рахмоновтың орнына рейтингте америкалық Майкл Моралес басқан. Лига өкілдері отандық файтердің неліктен тізімнен шығарылғаны жөнінде түсініктеме бермеген.
Айта кетейік, Шавкат Рахмонов жуырда тағы да жарақат алған. Болжам бойынша, спортшы 2026 жылдың басым бөлігін толықтай қалпына келуге жұмсауы мүмкін. Ал UFC үшін бір жылдан астам уақыт октагонға шықпаған, енді тағы да белгісіз мерзімге қатардан шеттейтін файтердің рейтингте қалуы тиімсіз шешім саналады.
Бұл жаңалық биыл Рахмоновтың чемпиондық белбеу үшін таласын көреміз деп үміттенген қалың қауымға ауыр тиді.
Енді негізгі сауал – Шавкат Рахмонов мансабын жалғастыра ма әлде аяқтай ма? Жанкүйерлер 2027 жылы оның UFC чемпионы атағы үшін басты жекпе-жегін тамашалай ала ма? Бұл сауалдарға әзірге нақты жауап жоқ. Файтердің өзі де, командасы да ресми мәлімдеме жасамады.
Айта кетейік, «Номад» лақап атымен танылған Шавкат Рахмонов соңғы жекпе-жегін 2024 жылғы 8 желтоқсанда өткізді. Ол кезде Қазақстан спортшысы ирландиялық Иэн «Мачадо» Гэрриді төрешілердің бірауызды шешімімен жеңген еді.
Шавкат Рахмонов операция жасатты: Спортшы UFC-ге қашан оралады?