АСТАНА. 25 маусым. Ұлыбритания патшайымы Елизавета II-нің Германия президенті Йоахим Гаук тарту еткен сыйлыққа көңілі толмаған секілді. Неміс басшысы патшайымға картина сыйға берген еді. Картинада патшайымның кішкентай кезіндегі көк түсті понидің үстінде отырған суреті салынған. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.
Gawker сайты: «Патшайымның жүзінен мұндай жиіркенішті біз соңғы рет Кейт Мидлтон шай ішуге түсі сәйкес келмейтін шұлық киіп келгенде көрген едік», – деп жазады.
Айта кетейік, патшайым Елизавета II Германияға үш күндік сапармен келген еді. Бұл – Ұлыбритания патшайымының Германия Федеративтік Республикасына бесінші ресми сапары. Бұл сапар алдағы референдуммен тікелей байланысты болуы мүмкін. Себебі, аталған референдум кезінде британдықтар елдің Еуропалық Одақ құрамында қалу-қалмауына қатысты шешім шығарулары керек.
Ресми сапар барысында екі ел басшылары бір-бірлеріне сый тарту еткен болатын. Британ патшайымына неміс суретшісі Николь Лейденфросттың картинасы бұйырған. Суретке қараған Елизавета II: «Жылқының түсі қызық екен», – деп атап өтіп, понидің жүгенін ұстап тұрған ер адамды меңзеп көрсеткен патшайым: «Мынау менің әкем болар?», – деп сұраған.
Сапар барысында түсірілген суретке қарағанда, Германия канцлері Ангела Меркельмен өткен кездесу Британ патшайымына көбірек жағымды көңіл-күй сыйлаған сыңайлы.
Еламан Қоңыр.
Дерек: vesti.ru.
Сурет: Global Look Press.
• 25 Маусым, 2015
Елизавета II-нің Германия президентінің сыйлығына көңілі толмады

«Болашақ ойындары-2026» турнирі қашан өтеді?
Технология • Бүгін, 14:47
Президентке AI Research University тұжырымдамасы таныстырылды
Президент • Бүгін, 14:30
14 өңірде Tomorrow School мектептерінің желісі ашылды
Технология • Бүгін, 14:18
Президент Alem.ai халықаралық жасанды интеллект орталығын аралап көрді
Президент • Бүгін, 14:08
Қызылорда облысында ауылды су басу қаупі сейілді
Су тасқыны • Бүгін, 13:48
Үсік жүріп, қар жаууы мүмкін: Қазақстанда күн суытады
Ауа райы • Бүгін, 13:30
Мұхтар Шахановтың есімін Алматы көшелерінің біріне беру ұсынылды
Тұлға • Бүгін, 13:14
Халқымен қайта қауышқан қайраткер
Тұлға • Бүгін, 12:59
Атырау облысындағы отбасының өлімі: Күдікті туыстарын бірнеше ай бойы кезекпен өлтірген
Қылмыс • Бүгін, 12:58
Мирас • Бүгін, 12:55
Шымбұлақ пен Ой-Қарағай курорттары аспалы жол арқылы біріктіріледі
Үкімет • Бүгін, 12:39
Қазақстан квотасымен шетелдіктерді қажылыққа апарғандар жауапқа тартылады
Қоғам • Бүгін, 12:35
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 18 пайыз деңгейінде сақтап қалды
Бюджет • Бүгін, 12:30
«Тобыл» клубының бас бапкері ауысты
Футбол • Бүгін, 12:18
Қазақстанда 19 шілдеден бастап бірыңғай QR-төлем жүйесі енгізіледі
Бюджет • Бүгін, 12:08