25 Наурыз, 2015

Назарбаев ұшақ апатында қаза тапқан отандастар отбасына көңіл айтты

262 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

11-02-15-nazarbaev-5

АСТАНА. 25 наурыз. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Airbus A320 ұшағында қаза тапқан Қазақстан Республикасы азаматтарының туған-туыстарына көңіл айтты. Бұл туралы Ақорда баспасөз қызметінің дерегіне сүйенген egemen.kz тілшісі хабарлады. Жеделхат Germanwings авиакомпаниясының ұшағы апатқа ұшырауы нәтижесінде қаза тапқан Қазақстан азаматтарының туған-туыстары мен жақындарына жолданды. Жеделхатта Мемлекет басшысының қазақстандықтардың аталмыш авиаапатта опат болғандары туралы қаралы хабарды өкінішпен қабылдағаны атап өтіледі. Нұрсұлтан Назарбаев Қазақстан халқы атынан және өзінің жеке атынан қаза тапқандардың туған-туыстары мен жақындарына қатты қайғырып, көңіл айтады. Мемлекет басшысы сондай-ақ Қазақстан Республикасының тиісті мемлекеттік органдарына қаза тапқандар мәйіттерінің қалдықтарын Отанымызға жеткізуден бастап, олардың туған-туыстарына қажетті барлық көмекті көрсетуді тапсырды.