АҚТӨБЕ. 25 маусым. Ақтөбеде алаяқтығы үшін екі мәрте абақтыға отырып шыққан 38 жастағы қылмыскер тағы да темір торға қамалды. Бұл туралы egemen.kz тілшісі хабарлады.
Тергеу барысында Дінмұхамбет Әділшіновтің бұған дейін алаяқтық жасағаны үшін екі рет абақтыға отырып, 10 жыл жазасын өтеп шыққаны анықталды. Бірақ, бұл оған сабақ болмаған. Енді оның қоныс колониясында жүріп-ақ Ақтөбедегі «Биос» медицина орталығының дәрігерін алдап соққаны әшкереленіп отыр.
Бастапқыда ол өзінің Toyota Land Cruiser маркалы автокөлігін дәрігердің зауыттан 1995 жылы шыққан Mitsubishi Pajero көлігіне үстеме ақымен ауыстыруға көндіреді. Кейін Бөкенбай батыр көшесіндегі үйлердің бірінен пәтер алуға ұсыныс жасайды. Дәрігердің 5 440 мың теңгеге жуық қаражатын жымқырған ол уәдесінің бірде-біреуін орындамаған. Тергеу кезінде алаяқтың дәрігердің ақшасын өз қажеттілігіне жұмсағандығы мәлім болды. Ал көлікті танысына қарызын өтеу үшін беріп жіберген.
Бұдан бөлек алаяқ 36 жастағы есепшіні алдап, тақырға отырғызып кеткен. Танысының сеніміне кірген ол 3 миллион теңгеге арзан пәтер алып бермек болады. Алайда, келісілген ақшаның тең жартысын алған ол өз сөзінде тұрмаған. №2 Ақтөбе қалалық сотының судьясы Рауия Кустанова оны 6 жыл 6 айға бас бостандығынан айыруға үкім шығарды. Алаяқтықтың ақыры осылай бітері бесенеден белгілі. Енді ол осыншама уақытын темір тордың ар жағында өткізетін болады.
Сатыбалды Сәуірбай.
Дерек: egemen.kz.
Сурет: tengrinews.kz.
• 25 Маусым, 2015
Ақтөбе тұрғыны алаяқтығы үшін үшінші рет сотталды

Алматыда дрифт жасаған жүргізуші қамауға алынды
Оқиға • Бүгін, 19:55
Батыс Қазақстанда ауылдық округ әкімдерінің облыстық I форумы өтті
Аймақтар • Бүгін, 19:39
Алматыда халықаралық конференцияда өндіріске енген жобалар таныстырылды
Ғылым • Бүгін, 18:54
Астанада маса мен шыбын-шіркейге қарсы күрес күшейтілді
Елорда • Бүгін, 18:33
Қарағандыда көліктен 34 жастағы әйелдің мәйіті табылды
Оқиға • Бүгін, 17:50
Алматыда оқушы қыз мектепке балта алып келген
Оқиға • Бүгін, 17:22
Қазақстанда 2027 жылы жаңа әуежай ашылады
Құрылыс • Бүгін, 17:04
Күндізгі сауда қорытындысы: Доллар 1,7 теңгеге қымбаттады
Қаржы • Бүгін, 16:59
Аялдамадағы аяусыздық: Күдікті бұрын адам өлтіргені үшін сотталған болып шықты
Қоғам • Бүгін, 16:45
Президент IT саласындағы озық идеялар мемлекеттік жүйеге енгізілуі тиіс екенін айтты
Президент • Бүгін, 16:31
Қазақстанда халықаралық Astana AI Film фестивалі өтеді
Технология • Бүгін, 16:21
Тоқаев Alem.ai battle және AI Governance Cup байқауларының жеңімпаздарын марапаттады
Президент • Бүгін, 16:20
Алматыда арзан бағада азық-түлікті қайдан алуға болады?
Алматы • Бүгін, 16:12