25 Наурыз, 2015

Lufthansa А320 ұшағы апатының ықтимал себебін атап көрсетті

181 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

25-03-15-aviakanastrofa-0

АСТАНА. 25 наурыз. Францияның оңтүстігінде кеше апатқа ұшыраған Germanwings әуе компаниясы ұшағы кездейсоқтықтың әсерінен қайғылы жағдайға тап болған. Lufthansa авиакомпаниясы вице-президенті Хайке Бирленбах (суретте ортада) сейсенбі күні осыны мәлімдеді. Бұл туралы Interfax хабарлады. «Қазіргі сәтте біз бұл жерде кездейсоқ бақытсыз жағдай орын алған деп есептейміз, қалған болжамдардың бәрі алып-қашпа сөз болып шығар еді», - деді ол Барселонадағы «Эль-Прат» аэропортында журналистерге. Бұдан алдын Германия билігі лайнер бортында теракт болғанын байқататын айғақтың жоқ екенін жариялаған еді. Француздың авиаапаттар жөніндегі сарапшысы Роббер Галан сондай-ақ мейлінше ықтимал болжамның ауа райы жағдайының күрт нашарлап кетуі немесе пилоттың қателігі болып табылатынын мәлімдеген болатын. Мұрат Айтқожа. Мәнбе, сурет: Interfax.