Кеше өткен баспасөз мәслихатында Рыбакина Мельбурнда қалмайтынын айтты. Қазақстан спортшысы Абу-Дабиде (БАӘ) өтетін WTA 500 санатындағы турнирге қатыспайтынын, 1-7 ақпан аралығында өтетін жарыстан ресми түрде бас тартқанын айтты. Айта кетейік, бастапқыда Елена Рыбакина бұл турнирде бірінші нөмірмен тіркелген болатын.
Еске сала кетейік, күні кеше Елена Рыбакина Australian Open-2026 турнирінің жеңімпазы атанды. Ол финалда Беларусь өкілі, әлемнің бірінші ракеткасы Арина Соболенконы тартысты кездесуде үш сетте жеңді – 6:4, 4:6, 6:4.
Осылайша, Елена Рыбакина 2022 жылғы Уимблдоннан кейін «Үлкен дулыға» турнирлеріндегі екінші чемпиондық атағын иеленді.