Ертең, 2 ақпанда қаладағы барлық мектептегі бірінші және екінші ауысымдағы 0-11-сынып оқушылардың оқуы онлайн форматқа ауыстырылды.
Бұл шешім екінші дәрежелі қолайсыз метеорологиялық жағдайға байланысты қабылданды. Қалада алты күннен бері жел тұрмаған, ертең де жағдай өзгермейді.
Синоптиктердің мәліметінше, қолайсыз метеорологиялық жағдай туралы ескерту 1 ақпан сағат 20:00-ден 2 ақпан сағат 20:00-ге дейін күшінде болады. Осы кезеңде зиянды заттар ауада баяу тарқап, қаланың ауа сапасын нашарлатады.
«Қолайсыз метеорологиялық жағдайда балалардың денсаулығы бірінші орында тұрады. Осыған байланысты оқушыларды уақытша қашықтан оқуға көшіру туралы шешім қабылданды», деп хабарлады сала қызметкерлері.
Айта кетейік, оқу үрдісі кестеге сәйкес онлайн режимде жүргізіледі. Билік пен мамандар тұрғындарға экологиялық жағдай жақсарғанша сыртта болу уақытын азайтуға кеңес береді.
Синоптиктер ескерту жариялады: Еліміздің 12 қаласында ауа сапасы нашарлайды