25 Наурыз, 2015

Төрт турдан кейін ұпай жоғалтпаған команда қалмады

328 рет
көрсетілді
4 мин
оқу үшін
25-03-2015-Atyrau-Astana 01АСТАНА. 25 наурыз. Биыл XXIV рет шымылдық түрген футболдан Қазақстан премьер-лигасының әзірге 4 туры өтті. Соңғы турдың 21 наурызда ойналғаны белгілі. Аталған жарыс күнінде барлығы 10 гол соғылса, соның екеуі ғана қазақ футболшыларының еншісіне жазылды. Алты кездесудің үшеуінде жеңімпаз анықталса, қалған матчтарда тең нәтиже тіркелді. Бұл туралы egemen.kz хабарлады. Әзірге ел чемпионатында айтарлықтай жаңалық жоқ. Футболшылар әдеттегі сүрлеуге түсіп, үйреншікті әдіспен аяңдап келеді. «Елең еткізді» деп Көкшетаудың «Оқжетпесіне» ғана тоқталуға болады. Ұзақ үзілістен кейін биыл премьер-лигаға қайта қосылған «Оқжетпес» әзірге отандық жанкүйерлердің басты назарында. Расымен, қатарына қосқан ойыншысынан бөлек, тұтас команданың жасыл алаңдағы шеберлігі көңіл қуантарлық. Төрт ойыннан 9 ұпай жиған олар бүгінде турнир кестесінің екінші сатысына жайғасты. Көш басында 10 ұпаймен «Астана» келеді. Алғашқы үш ойында жеңіске жеткен елордалықтар бұл жолы «Атыраумен» тең түсті. Нәтижесінде, төрт турдан кейін ел чемпионатында ұпай жоғалтпаған команда қалмады. Келесі тур ойындары 5 сәуірде болатынын естеріңізге сала кетейік. Еламан Қоңыр. Дерек: egemen.kz. Сурет: kpfl.ru. Төртінші турдың хаттамасы мынадай: «Тараз» (Тараз) – «Қайрат» (Алматы) 1:0 (1:0). 21 наурыз. Тараз. «Ұлан» стадионы. 3 000 көрермен. Төреші: Холматов (Қызылорда). «Тараз»Григоренко, Нұралы, Мера, Воротников (к), Аверченко, Башлай, Мухутдинов, Голич (Жұмаханов 82), Сергиенко (Досмағамбетов 71), Қожамберді (Уббинк 60), Пищур. «Қайрат»Плотников, Қуантаев, Рудосельский (Ли 65), Маркович, Плиев, Гурман (Дарабаев 80), Бақаев, Байтана (Исаэль 16), Риера, Исламхан (к), Гоу. Гол: Пищур 28. ЕскертулерМера 53 – Маркович 58, Бақаев 73.   «Ертіс» (Павлодар)«Тобыл» (Қостанай) 1:1 (1:0). 21 наурыз. Павлодар. «Орталық» стадионы. 2 500 көрермен. Төреші: Қарлыбаев (Орал). «Ертіс»: Лория, Есімов, Граф, Кислицын, Самсонов, Смақов (к), Гатагов (Игнатьев 85), Изу, Нұрғалиев (Аяғанов 71), Сартаков (Сүлей 80), Бансе. «Тобыл»Петухов, Кучера, Садовничий, Кургулин, Агайсин, Шливич (Юрин 80), Богданов (к), Шимкович, Красич (Мошников 68), Калу, Бугаев (Жұмасқалиев 56). Голдар: Сартаков 2 – Мошников 90+3. ЕскертулерГатагов 67, Изу 90+2 – Садовничий 65, Шимкович 84.   «Атырау» (Атырау)«Астана» (Астана) 1:1 (0:0). 21 наурыз. Атырау. «Судоремонтник» стадионы. 2 000 көрермен. Төреші: Рахымбаев (Алматы). «Атырау»: Бәйтереков, Чичулин, Одибе, Григорьев, Кузьмин, Эссаме (к), Аржанов, Байжанов, Нұрыбеков (Тілешев 60), Маров (Қасымов 60), Трифунович (Иванович 75). «Астана»Голубничий, Ахметов, Постников, Аничич, Максимович, Шомко, Каньяс, Нөсербаев (к) (Щеткин), Кетевоама (Бейсебеков 86), Твумаси, Жолшиев (Жаңғылышбай 90). Голдар: Байжанов 63 – Григорьев (автогол) 56. ЕскертулерНөсербаев 54, Каньяс 61.   «Шахтер» (Қарағанды)«Қайсар» (Қызылорда) 1:2 (0:1). 21 наурыз. Теміртау. «Металлург» стадионы. 1 800 көрермен. Төреші: Тевяшов (Орал). «Шахтер»: Заруцкий, Габышев, Дэвид, Джидич, Порываев, Покривач, Перацци (Карпович 63), Наджарян (Өміртаев 67), Финонченко (к), Мұртазаев, Топчагич. «Қайсар»Прядкин, Кляйн (к), Балтаев, Ырысметов, Розыбақиев, Димов, Скорых (Хунт 75), Цой (Вороговский 65), Мұжықов, Пирошка (Шестаков 60), Юнузович. ГолдарТопчагич 71 –  Димов 44, Юнузович 87. ЕскертулерКарпович 75, Джидич 80 – Розыбақиев 83, Шестаков 90+1.   «Оқжетпес» (Көкшетау)«Жетісу» (Талдықорған) 2:0 (0:0). 21 наурыз. Астана. «Астана-Арена» стадионы. 500 көрермен. ТөрешіВишниченко (Қостанай). «Оқжетпес»Цирин, Мангуткин (Нұржанов 57), Марочкин, Хохлов, Волков, Павлов (Сычев 78), Дикьяра (Роткович 27), Төлиев, Чижов, Бөлешев (к), Чертов. «Жетісу»Шабанов, Киров, Михайлов, Эргашев, Сағындықов, Хайрулин (Әділханов 83), Цветкович (к), Азовский (Шахметов 76), Сариев (Тұрысбек 69), Савич, Деспотович. ГолдарРоткович 69, Бөлешев 75. ЕскертулерПавлов 38, Роткович 90+2 – Савич 39.   «Ақтөбе» (Ақтөбе)«Ордабасы» (Шымкент) 0:0. 21 наурыз. Ақтөбе. №8 ОДЮШОР стадионы. 3 000 көрермен. Төреші: Кучин (Қарағанды). «Ақтөбе»: Покатилов, Аделейе, Жулпа, Мирошниченко, Неко, Тағыберген (Коробкин 78), Логвиненко (к), Пиззелли, Сантана, Хижниченко, Аыймбетов (Жалмұқан 36). «Ордабасы»: Сидельников, Симчевич, Трайкович, Малый, Сүйімбаев, Тұңғышбаев (Сариев 77), Бейсенов, Касьянов (Петров 58), Гейнрих (Божич 60), Нұрғалиев (к), Тәжімбетов. Ескертулер: Жулпа 47, Тағыберген 77 – Нұрғалиев 44, Тәжімбетов 61, Бейсенов 85, Сариев 86.