«Сізді спорттағы кезекті тамаша жетістігіңізбен – теннистен Австралия ашық чемпионатындағы керемет, айқын жеңісіңізбен шын жүректен құттықтаймын! Сіз жеңіске деген ерік-жігеріңіз бен мінсіз шеберлігіңізді тағы да дәлелдедіңіз, бұған бүкіл әлемнің теннис қауымдастығы сүйсіне қарады. Алдағы уақытта да ең беделді турнирлерде жеңіске жете беруіңізге тілектеспін!», делінген құттықтауда.
Еске сала кетейік, Аустралия ашық чемпионатында Қазақстанның бірінші, әлемнің үшінші ракеткасы атанған Елена Рыбакина Беларусь өкілі Арина Соболенконы 6:4, 4:6, 6:4 есебімен жеңді.