Энергетика министрлігінің мәліметінше, қазіргі уақытта 5 ұңғыма пайдалануға берілді.
«Теңізшевройл» компаниясының техникалық қызметтері келесі топтық өлшеу қондырғысын іске қосуға дайындық жұмыстарын жүргізіп жатыр. Мұнай өндіру көлемін арттыру жүйе параметрлері тұрақтандырылып, өндірістік процестердің толық қауіпсіздігі қамтамасыз етілуіне қарай кезең-кезеңімен жүзеге асырылады», делінген хабарламада.
Бұған дейін, 26 қаңтарда Екінші буын зауыты сәтті іске қосылған болатын. Оның жұмысы қазіргі уақытта жұмыс істеп тұрған Королев кен орнынан жеткізілетін шикізатпен қамтамасыз етіліп отыр.
Баку-Тбилиси-Джейхан арқылы 1,3 млн тонна мұнай тасымалданды
Энергетика министрлігі мен «ҚазМұнайГаз» ҰК» АҚ жобаның жоспарлы қуаттылыққа қысқа мерзімде шығуын қамтамасыз ету мақсатында операторға жан-жақты қолдау көрсетіп отыр.
Қалпына келтіру жұмыстарын үйлестіру үшін өндірістік нысандарда тікелей Энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев жұмыс жүргізіп жатыт. Жағдай тұрақты бақылауда, басты басымдық – өнеркәсіптік қауіпсіздіктің қатаң талаптарын сақтау.
Айта кетейік, 18 қаңтарда Теңіздегі зауытта трансформаторда өрт шыққан. Осыдан кейін кен орнын игеруші оператор – «Теңізшевройл» қауіпсіздік хаттамаларына сәйкес мұнай өндіруді уақытша тоқтатты. Осыған байланысты Қазақстан Энергетика министрлігінің арнайы комиссиясы Теңіздегі мұнай өндірісінің тоқтатылуына байланысты тексеруді бастаған еді.