Сурет ашық дереккөзден алынды
Юрий Костанянның мұражай-үйі ағаш мүсінге толы. Мұнда 400-ден аса экспонат бар. Туындыларының басым бөлігі қазақ тарихына арналған. Шебердің еңбектері шетелге де шыққан. Ол 12 жыл бұрын Парижде көрме өткізіп, өнерсүйер қауымды таңғалдырған. Қазір оның кей мүсіндерін арнайы іздеп келіп, сатып алатындар көбейген. Батырлармен қатар, Кенесары, Абылай, Хақназар хандардың ағаштан ойылған бейнелері де назар аударарлық. Шебер Шыңғыс хан және оның ұрпақтарына қатысты да туындылар жасаған.