Сурет ашық дереккөзден алынды
Компанияның бағалауынша, бүгінгі ақылды роботтардың тиімділігі 30–50 пайыз шамасында. Яғни олар өндірісте тек ең қарапайым жұмыстарды атқарады. Мысалы, жәшік қою, зат жинау, тауарды сырттай тексеру сияқты қайталанатын операциялар. Сарапшылардың айтуынша, робот кей жағдайда адамнан баяу жұмыс істейді. Кейде тіпті үдеріске кедергі келтіруі мүмкін. Соған қарамастан, кәсіпорындар ақылды роботтарды өндіріске енгізуді тоқтатпай отыр. «Мұның себебі әрдайым нақты қажеттілік емес. Көбіне «бізде де осындай робот бар» деген беделге бола жасалады», дейді UBTech өкілдері.