25 Наурыз, 2015

Қызылордада салынып жатқан үй құлап, жұмысшы қаза тапты

255 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін
25-03-15-kzlordaАСТАНА. 25 наурыз. Қызылорда қаласында 35 пәтерге жобаланып салынып жатқан тұрғын үй құлап, соның салдарынан бір адам қаза тауып, екі адам жарақат алған. Бұл туралы mail.ru хабарлады. Хабарламада көрсетілгендей, тұрғын үйдің үстіңгі қабатындағы бетонның ғимарат ортасына құлаған. Сол сәтте оқиға орнында 10 құрылысшы жұмыс істеп жатқан. Зардап шеккен екі азаматтың бірі – Мырзамбет Құдайберген қалалық аурухананың неврология бөлімшесіне ем қабылдауда. Ал екіншісі – Нұрлан Қарымсақов медициналық көмек берілген соң үйіне қайтарылған. Ал қаза тапқан азамат ұлты өзбек, 1975 жылы туған Өткелбек Екамов деген жігіт екені анықталған. Қазіргі таңда облыс әкімдігі мен тиісті орындардан құралған 90-ға тарта адам оқиға орнын тексеруде. Аталған жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің 279- бабы 1-тармағы бойынша (құрылыс заңдылықтарын бұзу туралы) қылмыстық іс қозғалды. Жауапкер құрылысты жүргізге мердігер мекеме болмақ. Жолдыбай Базар. Дерек: mail.ru. Сурет: «ҚазАқпарат».