Президент • 30 Қаңтар, 2026

Президент Үкіметке еріктілер ісін дамыту бойынша жаңа құжат әзірлеуді тапсырды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Президент Волонтерлер форумында Үкіметке еріктілер ісін дамыту бойынша 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын жаңа мазмұнды құжат әзірлеуді тапсырды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Президент Үкіметке еріктілер ісін дамыту бойынша жаңа құжат әзірлеуді тапсырды

Фото: Ақорда

«Волонтерлікті дамыту үшін мемлекет деңгейіндегі жаңа жүйелі шаралар қажет. Биыл еріктілер ісін дамытуға арналған үш жылдық Жол картасын іске асыру мерзімі аяқталады. Сондықтан Үкімет 2030 жылға дейінгі кезеңді қамтитын жаңа мазмұнды құжат әзірлегені жөн. Бұған дейін қабылданған шаралардың тиімділігіне баға беру және Қазақстанның халықаралық міндеттемелеріне сай волонтерлік қозғалысты нығайту үшін қосымша ынталандыру тетіктерін қарастыру маңызды», деді Мемлекет басшысы.

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі

Сондай-ақ Президент азаматтардың экологиялық мәдениетін арттыру қажеттігін, бұл – өркениетті қоғамға тән өте маңызды құндылық екенін атап өтті.

«Бүгінде еріктілер елді мекендерді көркейтуге белсене атсалысып жүр. Олар былтырдың өзінде «Таза Қазақстан» аясында өткен 1300-ден астам іс-шараға қатысты. Сондай-ақ волонтерлер ағартушылық сипаттағы түрлі бастамаға ұйытқы болды», деді Президент.

Президент сын сағатта белсенді жұмыс істейтін еріктілердің жұмысын жоғары бағалады

Мемлекет басшысының айтуынша, осындай игі істер арқылы елімізде жаңа экологиялық мәдениет қалыптасып жатыр.

«Бұл бағыттағы жұмысты күшейте түсу керек, себебі экологиялық мәдениеттің жоғары болуы кез келген елдің озықтығы мен жасампаздығының айқын көрінісі. Ал Қазақстан ең дамыған елдердің қатарында болуы қажет, бұл – біздің ұлттық стратегиямыздың аса маңызды бөлігі. Әсіресе, кәсіби эковолонтерлерді даярлап, әр аймақта тұрақты ұжымдарды жасақтау өте маңызды. «Таза Қазақстан» қозғалысын ұлттық идея және мемлекеттік саясат ретінде міндетті түрде кеңінен дәріптеп, жалғастыру қажет», деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жетті

Соңғы жаңалықтар