Волонтер • Бүгін, 12:54

Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жетті

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Қазақстан «волонтер болам, қоғамдық іспен айналысам» деген әрбір азаматты қолдайды. Бұл туралы Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында айтты, деп хабарлайды Egemen.kz.

Қазақстанда волонтерлер саны 300 мыңға жетті

Президент өз сөзінде қазір елімізде 1 ұлттық және 20 аймақтық фронт-офис табысты жұмыс істеп тұрғанын еске салды. Оның айтуынша, еріктілердің саны да артып келеді. 2020 жылы Қазақстанда 50 мың волонтер бар еді. Қазір олардың қатары 300 мың адамға жеткен. Елге пайдалы жұмыспен айналысатын ұйымдардың саны төрт есеге жуық өсіп, 800-ден асты.

Қасым-Жомарт Тоқаев Волонтерлер форумында сөз сөйледі

«Қазіргі таңда еріктілеріміз экология, білім, мәдениет және басқа да салалар бойынша маңызды бастамалар көтеруде. Соның ішінде «Жас ағаш», «Эко бақылау», «Білім волонтерлері» жобаларын ерекше атап өтуге болады. Осындай іс-шараларға 100 мыңға жуық ерікті қатысты. Әр бастаманың елге, қоғамға берер пайдасы мол. Мен өздеріңіз сияқты жасампаз жастарға зор үміт артамын. Біз бәріміз бір ел болып, ауқымды шаруа атқардық. Енді тоқтамай, тек қана алға қарай жүру үшін заман ағымына сай болу өте маңызды», деді Мемлекет басшысы.

Еске салайық, бүгін Президент Испания Королі VI Фелипені туған күнімен құттықтап, жеделхат жолдады.

Соңғы жаңалықтар