Жиында саясат, құқық жəне қоғамдық даму саласындағы сарапшылар сөз сөйледі. Олар парламенттік реформа және жастардың мемлекеттік үдерістерге қатысуы туралы мәселелерді талқылады.
Айта кетейік, 2023 жылдан бастап Мәдениет және ақпарат министрлігінің қолдауымен «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығы қоғам мен жастарды толғандыратын өзекті және маңызды мәселелер бойынша еркін әрі ашық диалог форматындағы жаңа JastarX сараптамалық алаңын іске қосты.
Сараптамалық алаңның мақсаты – мемлекеттік органдар, сарапшылар қауымдастығы және жастар арасындағы байланысты нығайтып, жастардың пікірін ескере отырып, өзекті әлеуметтік мәселелер бойынша тиімді шешімдер қабылдауға ықпал ету, сондай-ақ азаматтық белсенділік пен жастардың қоғамдық өмірге белсене қатысуын арттыру.