Футбол • Кеше

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, ұлттық құрама тізгінін үшінші рет Талғат Байсуфинов ұстады, деп жазады Egemen.kz.

Футболдан Қазақстан ұлттық құрамасының бас бапкері тағайындалды

Фото: ҚФФ

Талғат Байсуфинов жетекшілігімен команда 2026 жылғы Әлем чемпионатының іріктеу кезеңінде бірқатар матч өткізді. Атап айтқанда, Қазақстан ұлттық құрамасы Лихтенштейнді 4:0 есебімен жеңіп, Солтүстік Македония (1:1) және Бельгия (1:1) құрамаларымен тең түсті.

Бұған дейін Талғат Байсуфинов 2016-2017 және 2020-2022 жылдар аралығында ұлттық құраманың бас бапкері қызметін екі рет атқарды.

Талғат Байсуфинов бірқатар отандық футбол клубында бапкер болды. Әр жылдары «Есіл-Богатырь» (Петропавл), «Ақсу», «Ертіс» (Павлодар), «Ақжайық» (Орал) клубтарын басқарып, сондай-ақ Қазақстан жастар құрамасымен жұмыс істеді.

Талғат Байсуфинов: Ойын тұрақтылығын сақтай алсақ нәтижеге жетеміз

Талғат Байсуфинов футболшы мансабында «Ертіс», «Металлург», «Еңбек», «Экибастузец», «Жетісу» және «Восток» клубтарында ойнады.

Соңғы жаңалықтар