Білім • 27 Қаңтар, 2026

Елімізде «педагог-шебер» санатын алу жеңілдей ме?

48 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Елімізде педагогтерді аттестаттау кезінде авторлық бағдарламаларды міндетті түрде әзірлеу талабы алынып тасталады. Бұл туралы Үкімет отырысынан кейін Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова мәлімдеді, деп жазады Egemen.kz.

Елімізде «педагог-шебер» санатын алу жеңілдей ме?

Фото: edu.mcfr.kz

Қазір «педагог-шебер» санатын алу үшін мұғалімдер республикалық оқу-әдістемелік кеңес ұсынған авторлық бағдарламаларды әзірлеп, оны білім беру үдерісіне енгізуі тиіс. Алайда былтыр жыл соңында Оқу-ағарту министрлігі бұл талаптың тиімсіз екеніне назар аударып, Жұлдыз Сүлейменова ведомство педагогтердің жұмысын бағалаудың балама тәсілдерін енгізуді жоспарлап отырғанын айтқан.

Педагог мәртебесі туралы заңға өзгерістер енгізіледі

«Қазір жұмыс тобы ауқымды істі атқарып, барлық нормативтік-құқықтық актілерді талдап жатыр. Осы орайда біз аттестация кезінде авторлық бағдарламалардан бас тарту мәселесін көтеріп отырмыз. Себебі олардың білім беру үдерісін ұйымдастыруда қаншалықты тиімді екенін, сондай-ақ әзірленген авторлық бағдарламалардың нақты қаншасы қолданылып жатқанын көріп отырған жоқпыз», деді Жұлдыз Сүлейменова.

Министр бұл мәселеге қатысты ұстанымы нақты екенін атап өтіп, авторлық бағдарламаларды әзірлеу талабы келесі оқу жылының басына дейін алынып тасталатынын хабарлады.

Елімізде педагогтердің құқығын бұзу фактілері үш есе азайды

«Бізге енді басқа тәсілді енгізу қажет. Яғни мұғалім өзінің жұмысын, оқу үдерісін қалай тиімді ұйымдастырып отырғанын, оқушылармен қалай жұмыс істейтінін көрсете алатын тәсіл керек. Бұл бағыттағы жұмысты қазір пысықтап жатырмыз», деді Оқу-ағарту министрі.

Жұлдыз Сүлейменова бұған дейін де педагогтерді аттестаттау қағидалары қайта қаралатынын мәлімдеген.

Енді мектеп директорлары екі оқу жылына тағайындалуы мүмкін

Соңғы жаңалықтар