Фото: gov.kz
Ақмарал Әлназарова медицина саласындағы нысандардың инфрақұрылымын жетілдіру бағытында атқарылып жатқан іс-шаралар туралы да баяндады.
Өңірлер арасында көмек сапасын теңестіру үшін 15 облыстық балалар ауруханасын жаңарту және заманауи перинаталдық орталықтар желісі салынып жатыр. Жаңа нысандар Астана, Шымкент, Алматы және басқа қалаларда бой көтереді.
Сондай-ақ елімізде бала туғаннан 18 жасқа дейінгі денсаулық жағдайын бақылаудың цифрлық жүйесі енгізілген.
«Қабылданып жатқан шаралар соңғы екі жылда нәресте өлімінің деңгейін – 13%-ға, ал балалар өлімінің деңгейін – 5,5%-ға төмендетуге мүмкіндік берді. Қазақстан ДДҰ-ның жұқпалы емес аурулар бойынша мезгілсіз өлімді 25%-ға қысқарту жөніндегі мақсатына қол жеткізген Орталық Азиядағы бірінші ел болды», деді Денсаулық сақтау министрі.
Сондай-ақ бүгін Үкімет отырысында Оқу-ағарту министрі Жұлдыз Сүлейменова Мемлекет басшысының тапсырмалары шеңберінде әзірленген 2026-2030 жылдарға арналған «Қазақстан балалары» бірыңғай тұжырымдамасын ұсынды.
Сондай-ақ жиында Алматы тау кластерін, Щучье-Бурабай курорттық аймағын және Маңғыстауды дамыту жоспарлары бекітілгені айтылды.