фото: ашық дереккөз
Синоптиктердің болжамынша, циклон өткен аймақтарда боран соғып, көктайғақ құбылыстары байқалады. Ал антициклонның ықпалы елдің солтүстік-батысында, солтүстігінде және орталық бөлігінде сақталады. Бұл аймақтарда аязды, негізінен жауын-шашынсыз ауа райы болжанған.
Батыс және солтүстік облыстарда түнгі ауа температурасы -20…-35°C шамасында болып, аязды ауа райы сақталады. Кейіннен температураның жоғарылауы күтіледі: батыс пен солтүстікте түнде -7…-20°C, күндіз -2…-12°C болады.
Ал республиканың орталығында, шығысында және оңтүстік-шығысында түнгі температура -3…-18°C, таулы аймақтарда -15…-23°C, күндіз 0…-7°C. Ал таулы өңірлерде -8…-15°C шамасында болады.