Туризм • 26 Қаңтар, 2026

«Zhibek Zholy» туристік пойызы: Билет бағасы қанша, бағыты қандай?

43 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Zhibek Zholy» туристік пойызы жобасының кезекті кезеңін наурыз айында бастау жоспарланып отыр. Туристік пойыз Ұлы Жібек жолының тарихи бағытымен өтіп, Алматы – Түркістан – Самарқанд – Душанбе – Ташкент – Алматы қалаларын аралайды, деп жазады Egemen.kz.

«Zhibek Zholy» туристік пойызы: Билет бағасы қанша, бағыты қандай?

Фото: Туризм индустриясы комитеті

Жоба аясында саяхатшылар түркі әлемінің рухани ордасы – Түркістан қаласына, ислам өркениетінің маңызды тарихи орталықтарының бірі – Самарқандқа, бай мәдени мұрасы бар астана – Душанбе қаласына, сондай-ақ өңірдегі ірі әкімшілік әрі туристік орталық саналатын Ташкентке сапар шегеді.

Бағдарламада экскурсиялық қызмет көрсету, тарихи-мәдени мұра нысандарын аралау және маршрутқа қатысушы елдердің дәстүрлерін танытатын мәдени іс-шаралар өткізу қарастырылған.

Жоба Туризм және спорт министрлігінің, «Қазақстан Темір Жолы» АҚ-ның және «Қазақстандық туризм индустриясы» республикалық қауымдастығының қолдауымен жүзеге асырылады.

Алматыдан жаңа туристік пойыздар жолға шығады

Еліміздің туристік агенттіктері ұсынған хабарландыруға сәйкес туристік пакеттің құны:

Соңғы жаңалықтар