Фото: UGC/AP Photo/picture alliancе
Time журналының зерттеуіне сәйкес, 8-9 қаңтар күндері Иранда 30 мыңға дейін адам қаза тапты. Мұндай мәліметті басылымға Иран Денсаулық сақтау министрлігінің екі қызметкері берген. Олардың айтуынша, мемлекеттік органдар мәйіттерді тасымалдап үлгере алмай жатқан көрінеді. Қаза тапқандарды тасу үшін жедел жәрдем көліктерінен бөлек, өзге де техникалар жұмылдырылған.
Иран билігінің ресми деректері бұдан едәуір төмен. 21 қаңтарда ел басшылығы 3 117 адамның қаза тапқанын мойындады. АҚШ-та орналасқан Human Rights Activists News Agency агенттігі 5 459 өлімді растаған. Ал тағы 17 мыңнан астам жағдай әлі де тексеру сатысында тұр.
Сонымен бірге Time жазған 30 мың адамға қатысты бағалау Иран дәрігерлері мен құтқарушылары дайындаған ішкі статистикамен сәйкес келеді.