Фото: istockphoto.com
Бұл туралы адвокат Талғат Есімов мәлімдеді.
Адвокаттың айтуынша, ұсталғандар Түркістан облысының Түлкібас ауданында жасырынған.
Қайғылы жағдай 20 қаңтар күні Ерімбетов пен Рысқұлов көшелерінің қиылысында болған. Екі көлік соқтығысқаннан кейін жүргізушілер арасында жанжал туындап, арты төбелеске ұласқан. Қақтығыс кезінде 40 жастағы ер адам алған жарақаттарынан оқиға орнында мерт болды. Тағы бір азамат ауыр хәлде ауруханаға жеткізілген.