Сурет ашық дереккөзден алынды
Бұл әдіс «Elevator Code» деп аталады. Кванттық компьютерлер өте сезімтал келеді. Кішкентай нәрсенің өзі есептің қате шығуына әсер етуі мүмкін. Жаңа тәсіл осы қателерді 10 000 есе азайтуға көмектеседі. Маңыздысы – ол үшін кубиттерді (кванттық компьютердің негізгі элементі) шамадан тыс көбейтудің қажеті жоқ. Бұрын қателікті азайту үшін ондаған есе көп кубит керек болса, бұл әдіс бар болғаны үш есе көп кубитпен тиімді нәтиже береді. Соның арқасында кванттық компьютерлер сенімдірек болады, оларды жасау арзандайды әрі күрделі есептерді жылдамырақ шешуге мүмкіндік туады.