Қоғам • Кеше

Алматыдағы №1 перзентхана ақыры сүріліп тынды

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Алматы билігі тарихи перзентхананың неге сүрілгеніне түсініктеме берді. Жұрттың алуан түрлі пікір қайшылығын тудырған Алматыдағы №1 қалалық перзентхана ақыры сүріліп, орнында жаңа ғимараттың құрылысы басталды. 1938 жылы салынған ескі ғимарат енді келмеске кетті, деп хабарлайды Egemen.kz

Алматыдағы №1 перзентхана ақыры сүріліп тынды

Қала билігі ғимаратқа жүргізілген техникалық тексеру нәтижесінде тірек құрылымдары мен инженерлік желілерінің әбден тозғанын анықтап, дәлелдеп шықты. Өрт қауіпсіздігі, желдету, гидрооқшаулау жүйелері қазіргі заман талаптарына сай емес, сондай-ақ науқастарды тасымалдауға арналған жедел саты болмаған.

Жер телімі тектоникалық сызат аймағында орналасқанына қарамастан, ғимаратта бірде-бір рет сейсмикалық күшейту жұмыстары жүргізілмеген. Ғимараттың сейсмикалық нормалар талаптарына сәйкес келмейтіні жөнінде ҚазҚСҒЗИ-дің тиісті қорытындысы бар.

Павлодарда қалалық перзентхана жабылады

Перзентхана заманауи медициналық көмек көрсету стандарттарына да сай емес. Атап айтқанда, қабылдау бөлімінде шұғыл ота жасайтын зал болмаған, пациенттерді triage (сұрыптау) жүйесімен қабылдауға жағдай жасалмаған, операциялық блок пен реанимацияда инфекциялық бақылауға арналған арнайы үй-жайлар қарастырылмаған.

Ғимараттың іргетасын күшейту мүмкін емес, күрделі жөндеу мен оны ұстау экономикалық тұрғыдан тиімсіз деп танылғандықтан, 1938 жылғы ғимаратты сүріп, оның орнына жаңасын салу туралы шешім қабылданды.

Ақтөбедегі перзентханада жаңа туған нәрестені сатып жіберген

Жобаға сәйкес, жалпы аумағы 10 мың шаршы метрден асатын үш қабатты жаңа ғимарат салынады. Жаңа перзентхана 155 орынға есептелген. Заманауи палаталар ана мен балаға жайлы жағдай жасап, энергия үнемдейтін технологияны енгізу пайдалану шығындарын азайтуға мүмкіндік береді.

Қабылдау бөлімінде шұғыл ота жасайтын бөлме қарастырылған, бұл кезек күттірмейтін көмекті кідіріссіз көрсетуге жол ашады. Операциялық залдардың жалпы саны екіден төртке дейін артады. Сондай-ақ, қабылдау бөлімінің мүмкіндігі де тәулігіне екі есеге артады.

Жаңа корпус пайдалануға берілгеннен кейін көрсетілетін медициналық қызмет саны жылына 11 мыңнан 14 мыңға дейін өсіп, босанатындар саны 5 мыңнан 9 мыңға дейін көбейеді деген жоспар бар. Жаңа ғимарат акушерлік, перинаталдық көмек пен жаңа туған нәрестелерге күтім жасау саласында инновация мен озық медициналық технологияны, дәлелді медициналық тәсілдерді енгізуге мүмкіндік береді.

Құрылыс жұмыстарын келесі жылдың наурыз айында аяқтау жоспарланған. Дегенмен, осы аралықта перзентхана жұмысын тоқтатпайды – барлық бөлімше уақытша Сейфуллин даңғылындағы «А» блогына орналастырылады.

Соңғы жаңалықтар

Жолашар тың бағыттар

Пікір • Бүгін, 09:55

Екібастұздағы алып мұржа

Аймақтар • Бүгін, 09:50