Осы әңгімені бұрындары да естіген едім. Бірақ аса мән бермеген болатынмын. Жақында тоқсаннан асып қалған Келіскен деген қария және айтты.
Өткен ғасырдың басында қазіргі Қараөзектің шығыс жағында, Балқаш көлінің кең қолтығындағы Алтынбек сайында ши өте қалың болыпты. Малға да жайлы болса керек. Кеңес өкіметі де жергілікті халыққа «құрығын» сала қоймапты. Өз тірліктерін өздері күйттеген ел анда-санда малға ит-құс тисе де аса мән бермейді екен. «Осы маңда бір жолбарыс пайда болыпты», деген сөз де оларға еш әсер етпеген.
...Сол күні Гүлдәрі ши тартуға ерте шығыпты. Бойшаң келген сүйекті жігіт еңбекқорлығымен бүкіл ауылға сүйкімді екен. Қолында ағаш сапты, өткір орағын беліне қыстырып жаяу барыпты.
Шиді көп тартса керек. Екі жерден буып, шиді басынан асыра иығымен сүйреп келе жатыпты.
Ауылға жақындап қалғанда жолбарыстың «арр...ррр» еткен дыбысын естіп қалады. Сол сәтте жерге етпетінен құлап түседі. Артқы жағынан қарғыған жолбарыстың екпінінен құлағанын, жолбарыстың бұған шиді жұлмалап жатқанынан бірден аңғарыпты. Ши оратын шалғысы қолында екен. Жанұшыра орнынан тұрайын десе ши басып қалған. Шидің үстінде жолбарыс жатыр. Оның қолына бірден жолбарыстың шонданайы ілігіпті. Тас қылып ұстаған күйі өткір ши орғышымен тартып жіберіпті. Қолына ыстық қан тыз ете қалады. Сол сәтте ақ жолбарыс алды-артына қарамай қаша жөнеліпті. Орнынан тұрып қараса, жолбарыс кеткен жақта ізімен қоса сорғалаған қан.
Жыртқыштан құтылғаннан кейін орып алған шиіне де қарамастан Гүлдәрі ауылға қарай қашыпты.
Қу тірлік үйде тыныш жатқызған ба? Бір күн өткеннен кейін әлгі орған шиін алып келуге Гүлдәрі қайта барыпты. Сонда қансырап өліп қалған әлгі жолбарысты көріпті.
«Осы жолбарыс Балқаш ауданы жағына қарасты аймақтағы соңғы жыртқыш болса керек», дейді Келіскен кейуана.
Марат ҚАШҚЫНБАЕВ.
Алматы облысы,
Балқаш ауданы,
Бақанас ауылы.

Елена Рыбакина Штутгарттағы турнирде топ жарды
Спорт • Бүгін, 18:13
Меруерт Өтекешова Баян Алагөзованың камзолы түпнұсқа екенін растады
Қоғам • Бүгін, 17:51
Аңсар Ниетқалиев Гуанчжоудағы ITF J60 турнирінің жеңімпазы атанды
Спорт • Бүгін, 17:07
Дзюдошылар Азия чемпионатында күміс медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 16:52
Almaty Half Marathon: Шетелдік қатысушылар саны бойынша рекорд жаңарды
Қоғам • Бүгін, 16:31
Көшпенділер қалашығында 500 түп ағаш егілді
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 16:19
Қазақстан әлемдегі ең бақытты елдер рейтингінде 33-орынға көтерілді
Қазақстан • Бүгін, 15:23
АИТВ-мен күрес: Ем қабылдап жүргендердің 92%-ында вирустық жүктеме басылған
Денсаулық • Бүгін, 14:56
Астанада қай көшелер жабық тұр?
Елорда • Бүгін, 14:20
Жетісу облысындағы ұлттық саябақта қар барысы көзге түсті
Қоғам • Бүгін, 13:58
Павлодардағы «Қазавиақұтқару» авиациялық базасы толық жаңартылды
Аймақтар • Бүгін, 13:26
Солнечный кентінде жаңа өрт сөндіру бекеті ашылды
Аймақтар • Бүгін, 12:59
«Таза Қазақстан»: Алматыда 550-ден астам адам сенбілікке шықты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 12:40
Өскеменде есірткі таратумен айналысқан 30 жастағы ер адам ұсталды
Аймақтар • Бүгін, 12:25
Ашық есік экономикасы: Қазақстанда елге кіру ережелері жеңілдетілді
Қазақстан • Бүгін, 11:58