Қоғам • 21 Қаңтар, 2026

Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі реттеледі

20 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Премьер-министрдің орынбасары – мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева Үкімет отырысында Мемлекет басшысының Ұлттық құрылтайдың V отырысында айтылған тапсырмаларын орындау үшін қабылданып жатқан шаралар туралы баяндады, деп жазады Egemen.kz.

Қазақстанда мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібі егжей-тегжейлі реттеледі

Фото: Ашық дереккөзден

«Күні кеше Мемлекет басшысы Ұлттық құрылтайдың тарихи миссиясын қорытындылап, мемлекет пен халқымыздың болашағын айқындайтын зор міндеттер жүктеді. Алдымен, бұл мән-маңызы жағынан жаңа Ата заң қабылдаумен бірдей конституциялық өзгерістердің аясында ғана емес, жалпы Тәуелсіздік тұғырын одан әрі нығайтуды көздейтін тарихи белес»,  деді Аида Балаева.

Вице-премьер Президент айқындап берген «Заң және тәртіп», «Адал азамат», «Таза Қазақстан» бастамалары бойынша жүйелі жұмыстар жалғасатынын атап өтті.

Полиция Мемлекеттік ту мен жол тәртібі мәселесін түсіндірді

Сондай-ақ мемлекеттік рәміздерді, рухани-адамгершілік, отбасы құндылықтарды насихаттауға арналған ақпараттық-түсіндіру жұмыстары күшейтіледі. Мәдениет және ақпарат министрлігі заңды және жеке тұлғалар үшін мемлекеттік рәміздерді қолдану тәртібін егжей-тегжейлі реттеуге қатысты жұмыс жүргізеді. Сондай-ақ нормативтік актілерге қажетті өзгерістер енгізіліп, көрнекі нұсқаулықтар дайындалады.

Мемлекет басшысының тапсырмасы аясында мемлекеттік рәміздерге ерекше құрмет көрсететін азаматтарды қосымша ынталандыру шаралары әзірленеді.

Құрылтайда тарихи-мәдени мұраларымызды ЮНЕСКО деңгейінде насихаттау мәселесі де атап өтілді. Президент бұған дейінгі Ұлттық құрылтай отырыстарында бұл мәселеге ерекше назар аударып, нақты тапсырмалар берді. Мемлекет басшысы тапсырмасымен Жаркент мешіті мен Вознесенск соборын біріктіретін номинация, Қаратау жотасындағы петроглифтерді ЮНЕСКО-ның Бүкіләлемдік мұралар тізіміне енгізу мақсатында тиісті жұмыстар атқарылады. «Абайдың қара сөздері» ЮНЕСКО-ның «Әлем жады» тізіміне енгізу үшін тиісті құжаттар сараптамалық бағалауға жолданды.

Соңғы жаңалықтар