Алғашқы өртте қыз бала үйде жалғыз болған. Әбден тоңған бала от жағуға әрекеттенген болуы мүмкін немесе жанып тұрған пештен үйге от түскен сияқты. Оқиғаның мән-жайы әзірге белгісіз.
Ал екінші өртте үйде екі адам болған. Өрттің салдарынан газ балоны жарылған. Үйдегі 1947 жылы туған екінші ер адамды өрт сөндірушілер алып шығып, аудан орталығындағы ауруханаға жеткізген. Қазір оның жағдайы «орта деңгейде ауыр» деп бағаланған.
Өрттің шығу себептері анықталып жатыр.
Бұған дейін Павлодар облысы Ертіс ауылындағы жеке үйден өрт шығып, 2 бала қайтыс болды. Қайғы жұтқан отбасыға пәтер кілті табысталды.
Солтүстік Қазақстан облысы