Кәсіпқой бокс • Кеше

Әлімханұлына қатысты допинг дауы: Қайта тыңдау тағайындалды

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

WBO және IBF нұсқалары бойынша әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлының допинг сынамасына қатысты іс бойынша қайта тыңдау өтеді. Бұл туралы Қазақстанның кәсіби бокс федерациясы президенті Рахымжан Ерденбеков әлеуметтік желідегі парақшасында жариялады, деп жазады Egemen.kz.

Әлімханұлына қатысты допинг дауы: Қайта тыңдау тағайындалды

Фото: instagram.com/janibek_alimkhanuly

Оның айтуынша, еліміздің кәсіби бокс федерациясы тәртіптік комиссияның алғашқы тыңдауын өткізген. Аталған жиында материалдарды бастапқы бағалау, процедуралық аспектілерді тексеру және дәлелдемелер базасының толықтығы тексерілген.

«Осы кезеңде де істі тек бір ғана аналитикалық нәтижеге сүйене отырып, ресми түрде қарау мүмкін емес екені белгілі болды. Тыңдау барысында сараптамалық, медициналық және құқықтық бағалауды қажет ететін қосымша мән-жайлар бары анықталды. Сондықтан Тәртіптік комиссияның төрағасы ретінде мен 23 қаңтарға қайта сот отырысын тағайындау туралы шешімді қолдадым», деп жазды Рахымжан Ерденбеков.

Тәртіптік комиссия құрамында Федерация, мемлекеттік спорт органы, Ұлттық допингке қарсы орталық, медициналық комиссия және халықаралық төреші өкілдері бар. Рахымжан Ерденбеков барлық процедура аяқталғанға дейін комиссия Жәнібек Әлімханұлының мәселесіне қатысты қандай да бір қорытынды шыға алмайтынын ескертті. 

Еске салайық, «The Ring magazine» басылымы WBO және IBF тұжырымдары бойынша орта салмақтағы әлем чемпионы Жәнібек Әлімханұлы кезекті жекпе-жегі алдындағы допинг тестінен өтпей қалғанын хабарлаған еді.

Ел боксшысы 12 қараша күні допинг сынамасын тапсырған еді.

Ал WBO Жәнібек Әлімханұлының допинг дауына қатысты тексерісті бастады.

«Qazaq Style» командасы бұл жаңалықты естігенде таңғалғанын жасырмады.

Еліміздің Спорт және туризм министрлігі мәселеге араласып, қажетті шараларды орындау үшін отандасымызға қолдау көрсететінін мәлімдеді. 

Қазақстан кәсіби бокс федерациясының президенті де допинг дауына қатысты пікір білдірді. 

Ал белгілі бапкер Жұмабек Өмірзақов Жәнібек Әлімханұлы енді ірі жекпе-жектер өткізбеуі ықтимал екенін айтты. 

Соңғы жаңалықтар