АСТАНА. 24 наурыз. Түркияда Мәскеудің «Сатирикон» театрының қызметкері Марк Ишмухаметов жұмбақ күйде жоғалып кетті. Туған-туыстары одан 20 күннен бері хат-хабар ала алмай отыр. Іздеу шараларына Ыстамбұлдағы Ресей консулдығы да араласты. Алайда, әлі нақты дерек жоқ. Бұл туралы vesti.ru хабарлады.
Туыстарының айтуынша, Ишмухаметов Түркияға 3 наурызда театрдың шығармашылық құрамымен бірге кеткен. Труппа Ыстамбұл арқылы Бразилияға ұшуы керек болған. Себебі, театрдың Латын Америкасында гастрольдік сапары жоспарланған.
Алдын ала белгілі болған мәліметтерге сүйенсек, Ишмухаметов төлқұжатын жоғалтып алуына байланысты әуежайдың транзиттік аймағында қалып қойған. 9 наурызда театр ұжымы Бразилиядан оралған кезде Маркпен байланысқа шыға алмаған. Әуежайдан да таппаған. Арада бір апта өткен кезде әлеуметтік желілер арқылы іздеу жариялаған.
Олар Маркпен соңғы сәтке дейін хабарласып тұрған. «4 наурыз күні ұялы телефонына қоңырау шалғанымызда тұтқаны бөгде адам көтерді. Ағылшыншасы соншалықты жақсы емес екен. Оның айтқанынан ұялы телефонды тауып алғанын ұқтық», – дейді әріптестерінің бірі.
Жоғалған театр қызметкерінің достары Түркия полициясына және Ресейдің Ыстамбұлдағы консулдығына хабарласты. «Ол жақтың полициясы Марктің әуежайдан табылмағанын және Түркиядан басқа елге шықпағанын айтты. Себебі, ол шекараны кесіп өтпеген. Бұл жайт бізді қатты алаңдатып отыр. Себебі, транзиттік аймақтан адамның жоғалуы мүмкін емес», – дейді Ишмухаметовтың құрбысы.
Марктің Түркия шекарасынан ешқайда шықпағанын Ыстамбұлдағы Ресей консулдығының баспасөз-атташесі Андрей Егоров та растап отыр. «Егер адам әуежайға келіп тұрып, транзиттік аймақта төлқұжатын жоғалтып алса, ол сол жерден ешқайда кете алмайды. Дегенмен, сол аймақты бүгінге дейін сан мәрте қарап, тексергенімізбен оны таба алмай отырмыз», – дейді Андрей Егоров.
Іздеу жұмыстарына Анкарадағы Ресей елшілігі де араласуда. Дегенмен, бұл іс әзірге жұмбақ күйінде қалып отыр.
Еламан Қоңыр.
Дерек: vesti.ru.
Сурет: euromag.ru.
• 24 Наурыз, 2015
Ыстамбұл әуежайында Ресей актері ұшты-күйлі жоғалып кетті

Футболдан ел кубогінің ширек финалына қай клубтар шықты?
Спорт • Бүгін, 17:32
Астанада Тілендиев даңғылының бір бөлігі 9 мамырға дейін жабылады
Елорда • Бүгін, 17:27
Азия кубогі: Қазақстан триатлоншылары төрт медаль еншіледі
Спорт • Бүгін, 17:10
Алдағы күндері ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 16:50
Лондонда үстел теннисінен әлем чемпионаты өтіп жатыр
Спорт • Бүгін, 16:22
Grand Slam: Душанбеде Қазақстан дзюдошысы қола медаль жеңіп алды
Спорт • Бүгін, 15:52
Трамп Иранға қарсы соғыстың аяқталғанын мәлімдеді
Әлем • Бүгін, 15:29
Қазақстан қажылары үшін Мекке мен Мәдинада жеңілдетілген бағдарлама іске қосылады
Қоғам • Бүгін, 14:59
«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50