Әлем • Бүгін, 11:19

Әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпаниялар анықталды

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

AirlineRatings сарапшылары сервистік қызмет көрсететін және бюджеттік (лоукостер) бағыттағы ең сенімді авиатасымалдаушылардың тізімін ұсынды, деп жазады Egemen.kz.

Әлемдегі ең қауіпсіз әуекомпаниялар анықталды

Рейтингті жасау кезінде бірнеше маңызды фактор негізге алынды:

  • Жалпы рейстер санына шаққандағы авиациялық оқиғалардың көрсеткіші;
  • Әуе паркінің (ұшақтардың) жасы;
  • Пилоттардың дайындық деңгейі;
  • Халықаралық қауіпсіздік тексерістерінің нәтижелері.

AirlineRatings басшысы Шарон Петерсеннің айтуынша, үздік 25 әуе компаниясының арасындағы қауіпсіздік айырмашылығы өте аз.

«Топ-25 тізіміне енген барлық компаниялар – әлемдік көшбасшылар. Сондықтан бір компания екіншісінен айтарлықтай қауіпсіз деп кесіп айту қиын», деп атап өтті Шарон Петерсен.

Бала өліміне кінәлі әуекомпания өтемақы төлейтін болды

Толық сервис көрсететін ең қауіпсіз әуе компаниялары:

  • Etihad (БАӘ)
  • Cathay Pacific (Гонконг)
  • Qantas (Австралия)
  • Qatar Airways
  • Emirates

Ең қауіпсіз лоукостерлер (бюджеттік тасымалдаушылар):

  • HK Express (Гонконг)
  • Jetstar (Австралия)
  • Scoot (Сингапур)
  • flydubai
  • EasyJet (Ұлыбритания)

Ұлттық жүк әуекомпаниясын құру ұсынылды

Соңғы жаңалықтар