Рейтинг көшін украиналық Александр Усик бастап тұр. Екінші орында − жапониялық Наоя Иноуэ, ал үздік үштікті ресейлік боксшы Дмитрий Бивол түйіндейді.
Рейтинг көшбасшысы ең жоғары 10 ұпай алады, екінші орын иесіне 9 ұпай беріледі, ал қалған спортшылар ұпайларды төмендеу жүйесі бойынша иеленеді.
Бұл формат әлемдік бокстағы қазіргі тепетеңдікті айқын көрсетуге мүмкіндік береді.
17 қаңтардағы ESPN нұсқасы бойынша салмақ дәрежесіне қарамастан әлемнің ең үздік боксшыларының жаңартылған рейтингі:
- Александр Усик (24-0)
- Наоя Иноуэ (32-0)
- Дмитрий Бивол (24-1)
- Джесси Родригес (23-0)
- Артур Бетербиев (21-1)
- Дэвид Бенавидес (31-0)
- Шакур Стивенсон (24-0)
- Дзюнто Накатани (32-0)
- Девин Хейни (33-0)
- Теофимо Лопес (22-1).
Бокстан бұрынғы бас бапкер Қайрат Сәтжановқа көлік пен пәтер кілті табысталды