Аудандық прокуратура бастамасымен өткен жиын «Қылмыссыз өңір – алкогольсіз ауылдан басталады» тақырыбында өтті. Былтыр аудандағы Таң және Еңбек ауылдары алкогольсіз ауыл болып бастама көтеріп, басқаларға үлгі болып отыр.
Ал Қазалы ауданының полиция бөлімі Құмжиек ауылдық округінде «Алкогольсіз ауыл» жобасы аясында учаскелік полиция инспекторы мен ауылдық округі әкімі аппараты мамандары ауыл тұрғындарынан сауалнама алып, дүкен иелеріне түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
Енді алкоголь жұмыс уақыты шектеулі арнайы дүкендерде ғана сатылуы мүмкі