24 Наурыз, 2015

Қазақстан сайттарына шет елдер хакерлері шабуыл жасап жатыр

198 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

24-03-15-haker-1

АСТАНА. 24 наурыз. Соңғы екі күннен бері бірқатар шет елдерде тұратын хакерлер Қазақстан сайттарына жойқын шабуыл жасап жатыр. Бұл туралы өзінің мәнбесіне сүйенген ras.kz хабарлады. Қазір еліміздің сайт-порталдарын талқандап тастауға кіріскендердің Әзербайжан, Түркия, Иран және Бразилия мемлекеттерінде тұратын хакерлер болып отырғаны анықталды. Олардың арасында, әсіресе, алдыңғы екі елдегі бұзақылардың белсенділіктері жоғары. Сарапшылар хакерлердің бүгінге дейін еліміздегі 11 сайтқа шабуыл жасап, оларға әртүрлі залал келтіргендерін айтып отыр. Бірақ хакерлер сайттардың тек басқы беттеріне ғана тиісіп отырған сияқты. Ал олардың басқа материалдары мен архивтерін қиратып, бүлдіргендері әзірге байқалмайды. Соған қарағанда, олардың мақсаттары интернет-ресурстарды талқандап кету емес, тек өздерінің қолдарынан не келетінін байқатып, қыр көрсетіп қою ғана сияқты. Алайда, порталдардың бастапқы бетін өзгерте алудың оңай нәрсе емес екенін де ескергеніміз жөн. Оған қолы жеткендер сайт төңірегінде білгендерін істей алады. Сондықтан ресурстарды хакерлер шабуылдарынан қорғаудың барлық амалдарын жасап бағуларыңыз керек. Мұрат Айтқожа.