Оқиға • Кеше

Оңтүстік Кореяның экс-президентіне сот үкімі шықты

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Сеул соты елдің бұрынғы президентін сот төрелігіне кедергі келтіргені және әскери жағдай режиміне байланысты өзге де құқық бұзушылықтары үшін кінәлі деп таныды, деп хабарлайды Egemen.kz.

Оңтүстік Кореяның экс-президентіне сот үкімі шықты

Фото: Yonhap

Сейсенбі күні Сеул орталық округтік соты Оңтүстік Кореяның экс-президенті Юн Сок Ельге қатысты үкім шығарды. Сот шешіміне сәйкес, бұрынғы мемлекет басшысы 5 жылға бас бостандығынан айырылды. Бұл – 2024 жылдың желтоқсанындағы қысқа мерзімді әскери жағдай енгізу оқиғасына қатысты шығарылған алғашқы сот үкімі.

Оңтүстік Корея президенті тұтқындалды

Yonhap агенттігінің хабарлауынша, Юн Сок Ель бірнеше ауыр баптар бойынша айыпталған:

  • Сот төрелігіне кедергі жасау: Өткен жылы тергеушілердің өзін ұстау әрекеттеріне белсенді түрде кедергі келтірген.

  • Әскери жағдай режимі: 2024 жылғы желтоқсандағы конституцияға қайшы әрекеттері мен соның салдарынан туындаған заңсыз бұйрықтар.

  • Лауазымдық өкілеттігін асыра пайдалану: Мемлекеттік органдардың жұмысына заңсыз араласу.

Экс-президент Юн Сок Ёльдің жұбайы жемқорлық ісі бойынша қамауға алынды

Айта кетейік, Юн Сок Ельдің билігі кезіндегі бұл даулы шешім елде жаппай наразылықтар тудырып, қызметінен шеттетілді. Қазіргі уақытта экс-президенттің адвокаттары бұл шешімге қатысты апелляциялық шағым түсіру мүмкіндігін қарастырып жатыр.

Оңтүстік Кореяның бұрынғы президентінің қамау мерзімі тағы ұзартылды

Соңғы жаңалықтар