Қоғам • Бүгін, 08:27

Балалар әдебиетінің бағбандары

10 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Алматыдағы Ұлттық кітапханада Жазушылар одағы жа­нын­дағы Балалар мен жасөс­пірімдер әде­бие­ті жанрлық кеңесінің панельдік сессиясы өтті.

Балалар әдебиетінің бағбандары

Панельдік сессия барысында ақын-жа­зушылар мен әде­биет­танушылар бүгінгі балалар әдебиетінің рухани кеңістігін жаңғырту, даму бағдарын айқындау, жанрдағы жаңа үрдістерге бойлау жөнінде пікір алмасып, тың идеяларды ортаға салды. Әдебиеттің мәдени және креативті индус­триямен тоғысатын өзекті бағыттары, балалар әдебиетінің бүгінгі болмысы мен болашағын жаңа қырынан саралау секілді тақырыптарды талқылады.

Жиында Балалар мен жас­өспірімдер әдебиеті жанр­лық кеңесінің кейінгі бес айда атқарылған жұмыс есебі тың­далды. Кеңес төрағасы Елдос Тоқтарбай жас авторларды қолдау, балалар әдебиетінің са­­палық дең­гейін арттыруға бағытталған бастамалар жайын­да баяндап, әдеби үдерісті жүйелі түрде мониторингтеу мәселелеріне тоқталды.

Сондай-ақ «Балалар әдебие­тінің бағбан­дары» сериясымен жарық көрген Өтепберген Ақыпбекұлы, Тоқаш Бердияров, Бейбіт Қойшыбаев, Серікбай Оспанұлы, Нұрдәулет Ақыш және Бейсебай Кірісбайұлының естелік һәм ілтипат-лебіз жи­­нақтары, сонымен қатар «Ба­лалар кітапханасы» топтамасы аясында жарық көрген Қуандық Түменбайдың «Ассалаумағалейкүм!» дейтін ауыл», Сәуле Досжанның «Май­мақ қыз», «Көк түрік» кітап­тары көпшілікке танысты­рылды. Бұған қоса, балалар тақы­ры­бында қалам тербеп жүрген Дүйсен Мағлұмұлы, Бағдат Мә­жит­ұлы, Әдина Жү­сіп, Мира Сембайқызы, Бағдат Айтмұхаева, Ер­жеңіс Тастыбайұлы, Жақсылық Мұ­рат­бек Жазушылар одағының мү­ше­лігіне қабылданды. Со­ңында балалар әдебиетіне үлес қос­қан қаламгерлерге құрмет көрсетілді.

Соңғы жаңалықтар