Қоғам • Кеше

Дәрігерлердің алғысы

30 рет
көрсетілді
3 мин
оқу үшін

Биыл Мемлекет басшысы медицина қызметкерлерін құқықтық қорғауды күшейту туралы заңға қол қойды. Аталған заң Қылмыстық кодекске медицина қызметкерлерін, сондай-ақ жедел медициналық жәрдем бригадалары жүргізушілерінің өміріне, денсаулығына қауіп төндірген азаматтарды қылмыстық жауапкершілікке тартатын жаңа бапты енгізуді көздейді.

Дәрігерлердің алғысы

Сурет: abai.kz

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, 2019 жылдан бері қарай елімізде дәрігерлерге, фельдшерлерге, денсаулық сақтау саласының өзге де қызметкерлеріне 280-нен аса шабуыл жасалған. Былтырдың өзінде ғана осындай 58 дерек тіркеліп отыр. Мысалы, осыдан екі жыл бұрын Қостанай облыстық жедел медициналық жәрдем қызметінің фельдшері Әнел Баймұрзина соққыға жығылып, ауруханаға жатып шықты. Өткен жылы уролог-дәрігер Антон Кистанов ауыр соққы алып, жансақтау бөліміне түсті.

Мемлекет басшысы мұндай келеңсіз оқиғалардың «Заң және тәртіп» қағидаттары аясында қатаң жолын кесуді тапсырып отыр. Осыған орай, Қостанай облысы денсаулық сақтау саласының ардагерлері елімізде медицина қызметкерлерін қорғау мақсатында іске асырылып жатқан дәйекті шаралар мен Президенттің осы бағыттағы айқын ұстанымына ризашылық білдіріп отыр.

«Бұдан былай медициналық қызметкерлер мен жедел жәрдем кө­лігінің жүргізушілеріне күш көр­сетіп, зорлық-зомбылық жаса­ған азаматтар қатаң қылмыстық жауап­кершілікке тартылады. Тіпті 12 жыл­ға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Мен 40 жыл бойы дәрігер болып жұмыс істедім. Жұмыс барысында кейде үстімізден шағым түсіп, өкпе-реніш айтылып жататын кездер де болды. Біз мұның жақын адамы үшін шырылдаған жанашыр жанның жан ашуы екенін түсінетінбіз. Алайда кейінгі жылдары медицина қызметкерлері кәсіби міндетін атқару барысында зорлық-зомбылық көріп, тіпті ауыр соққыға жығылып жатқаны жасырын емес. Жаны қиналып жатқан ауыр науқасқа жанұшыра жеткен әріптестеріміздің тектен-тек таяққа жығылып, ауруханаға түскенін көріп, талай рет шарасыздықтан жанымыз күйіп, өзегіміз өртенген. Дәрігерді қашанда дәріптеп, құрмет көрсетіп келген халық едік. Біз өзімізге еш­қашан ерекше жағдай жасайтын мәр­тебе сұраған емес. Тек қызметіміз­дің қауіпсіз болуын, көпшіліктің дәрігерге сый-құрметпен қарауын қалаймыз. Осы тілегімізді мемлекет естісе екен деген үмітте жүрдік. Биыл Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев қол қойған заң – елімізде медицина қызметкерлеріне қатысты зорлық-зомбылыққа ешқандай жол берілмейтінін, заңның қашанда үстем екендігін, «Заң және тәртіп» тұжырымдамасының қағидалары кезең-кезеңімен жүйелі түрде іске асырылып жатқанын айқын көр­сетіп отыр», дейді денсаулық сақтау саласының ардагері, Қазақстан­ның еңбек сіңірген дәрігері Көпей Малшыбаева.

 

Қостанай облысы 

Соңғы жаңалықтар

Жарыс күнделігі

Спорт • Бүгін, 10:00

Рухани тәрбие мектебі

Аймақтар • Бүгін, 09:55

«Ауыл аманатының» шапағаты

Қоғам • Бүгін, 09:50

Қарап тұрсам, дүние... Эссе

Таным • Бүгін, 09:45