Аймақтар • 09 Қаңтар, 2026

Таразға 10 автобус жеткізілді

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Тараз қаласында қоғамдық көлік қызметінің сапасын арттыруға айрықша басымдық беріліп отыр. Жаңадан №31 бағыты ашылып,  Egemen.kz.«Smart City Service» мекемесі жеткізген 10 жаңа «Golden Dragon» автобусы жолға шықты.

Таразға 10 автобус жеткізілді

Жаңа автобустардың 9-ы №31 маршрут бойынша қатынайды. Маршрут Ақбұлым алқабынан басталып, кірпіш зауыты, Жауғаш батыр, Балуан Шолақ, Абай, Байзақ батыр, Комратов, Қонаев, Сейфуллин, Әл-Фараби, Төле би, Махамбет батыр көшелері арқылы өтіп, Ниетқалиев көшесінде аяқталып, минералды тыңайтқыштар зауытына дейін жалғасады.

Астанаға апаратын автобус

Айта кетейік, Ақбұлым тұрғын алабы Байзақ және Жамбыл аудандарынан Тараз қаласына қосылған елді мекен болғандықтан, оны қоғамдық көлікпен қамту мәселесі өзекті болып отыр.

Қазіргі таңда Тараз қаласында 9 компания 50 маршрут бойынша жолаушылар тасымалын жүзеге асыруда. Соңғы 4 жылда қала автобус паркі 388 жаңа қоғамдық көлікпен толықты.

Қарағандыда автобуста қалта ұрлығын жасаған күдікті ұсталды

Соңғы жаңалықтар

Алтын көпір

Руханият • Бүгін, 08:45

«Әдемі» нөмірге әуестік

Қоғам • Бүгін, 08:25

Актерлікке бастаған сәт

Өнер • Бүгін, 08:22

Есірткі қылмысын еңсеретін жоспар

Заң мен Тәртіп • Бүгін, 08:15