Динара Бердімұраттың бастамасымен елімізде «Ел жанашыры», «Ұлт жанашыры», «Батыр шапағаты» төсбелгілері мен «Алтын жүрек» қайырымдылық істерімен айналысатын меценат тұлғаларға арналған бірқатар қоғамдық марапаттау шаралары ұйымдастырылып келеді. Бұл марапаттар тек атақ үшін емес, елге адал қызмет етіп жүрген тұлғалардың еңбегін әділ бағалауға, олардың қоғам алдындағы рөлін айқындауға бағытталған. 2021- жылдан бері еліміздің түпкір түпкірінен еліміздің дамуына талмай қызмет етіп, халыққа жанашыр болып жүрген жандардың еңбектерін бақылап, олардың еңбектерін марапаттап, елеген де осы Динара болатын.
Аталған марапаттарға ғылым, білім, мәдениет, медицина, кәсіпкерлік, спорт және әлеуметтік салада елге қызмет еткен азаматтар ие болып жүр. Әсіресе, аймақтарда үнсіз еңбек етіп жүрген жандардың еңбегін елге таныту – Динара Бердімұрат қолға алған бастамалардың басты ерекшелігі.
Оның тағы бір ауқымды жобасы – «300 қайраткер» энциклопедиясының жарық көруі. Бұл еңбек тәуелсіз Қазақстанның дамуына әр салада үлес қосқан тұлғалардың өмір жолы мен қызметін жүйелеп, бір жинаққа топтастырған маңызды басылым саналады. Энциклопедия – кейінгі ұрпаққа үлгі, тарихи жадыны жаңғыртатын құнды дереккөз. Өзінің де еңбегі еленіп осы еңбектері үшін Президенттің алғыс хаты мен төсбелгісін иеленді.
Динара Бердімұрат үшін марапаттау – тек салтанатты рәсім емес, ол – қоғамдағы әділдікті қалыптастыру, еңбекті қадірлеу мәдениетін дамыту құралы. Оның жобалары халықтың ынтымағын арттырып, елге қызмет етудің абырой екенін ұғындырады. Жақында Қазақстан туралы үлкен тағы бір энциклопедиясын аяқтады. Ел ішіндегі елеусіз тұлғалардың еңбегін жарқыратып көрсетіп, одан қалды энциклопедия бетіне тақтап жинап жүрген Динара қоғамның осындай тұлғаларын паш етуді өзіне парыз санап алғандай. Қазақ, орыс, түрік және ағылшын тілдерінде еркін сөйлейтін ол бүгінде кейбір кітаптады ағылшын тіліне аударумен де айналысып жүр. Динара Бердімұратқызының қазақ тіліне деген жанашырлығы бір төбе. Қазақ тілінде балаларға арналған кітап шығарып, қазақ тілді балабақша ашуы соның айғағы.
Қоғамда мұндай бастамалар көбейген сайын, елге шын жанашыр азаматтардың еңбегі елеусіз қалмайды. Осы тұрғыдан алғанда, Динара Бердімұраттың атқарып жүрген ісі – бүгінгі күннің ғана емес, болашақтың да рухани сұранысына жауап беретін маңызды еңбек.