Ауа райы • Бүгін, 09:53

Алдағы күндері бірқатар өңірде 40 градусқа дейін аяз болады

20 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Республика бойынша антициклон ықпалына байланысты еліміздің басым бөлігінде ауа температурасы айтарлықтай төмендейді, деп хабарлайды Egemen.kz.

Алдағы күндері бірқатар өңірде 40 градусқа дейін аяз болады

Фото: ашық дереккөз

«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 15 қаңтарда солтүстік және шығыс облыстарда түнгі уақытта ауа температурасы 30-40 градус аязға дейін төмендейді.

Оңтүстік өңірлерде түнде 5-13 градусқа дейін аяз, ал оңтүстік-шығыс облыстарда ауа температурасы 8-17 градусқа дейін төмендейді, таулы аудандарда 20-25 градус аяз болады.

Қазақстанның оңтүстігінде 15-16 қаңтарда қар аралас жауын-шашын түсіп, жаяу бұрқасын соғады. Сондай-ақ көктайғақ болуы ықтимал.

Елдің оңтүстік-шығысында 16-17 қаңтарда қатты қар жауып, жаяу бұрқасын соғады, тұман түсіп, көктайғақ болады.

Айта кетейік, бүгін Астанада және Қазақстанның 16 облысында дауыл болатыны туралы ескерту жарияланды. Осы себепті Атырау қаласы, Қостанай облысы және Астанадағы бірқатар мектепте оқу онлайн форматқа ауыстырылды. 

Соңғы жаңалықтар