Ғалам ғажаптары • Бүгін, 08:08

Адам тәрізді роботтар

0 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

«Hyundai» 2028 жылдан бастап адам тәрізді роботтарды АҚШ-тың Джорджия штатындағы зауытында іске қоспақ. Қазір кәсіпорын жылына 30 мыңға дейін құлтемір өндіруді көздеп отыр.

Адам тәрізді роботтар

Сурет ашық дереккөзден алынды

«Atlas» атты жаңа робот «CES 2026» көрмесінде таныстырылған. Ол зауыттағы қауіпті әрі ауыр жұмыстарды атқаруға арналған. Нақтырақ айтсақ, құрылғы 50 кг-ға дейін жүк көтере алады және – 20-дан +40 градусқа дейінгі температурада жұмыс істей береді. Роботтың қолдары адам қолына ұқсас, сезімталдығы жоғары. Компанияның болжамынша, 2030 жылға қарай «Atlas» роботтар бөлшектерді құрастыру, ауыр жүктерді тасымалдау сияқты күрделі опера­цияларға кеңінен тартылады.

 

Соңғы жаңалықтар