Аталған университет ғасырлар бойы әлемдік өнер мен академиялық дәстүрдің қалыптасуына ықпал етіп келеді. Қазіргі кезде білім ордасында музыка, театр және кино салалары бойынша 3000-нан астам студент оқиды.
Меморандум аясында тараптар шығармашылық кадрларды кәсіби даярлау саласында ұзақмерзімді академиялық ынтымақтастықты дамыту, сондай-ақ халықаралық білім және мәдени байланыстарды нығайту бойынша келісімге келді.
Құжат бірнеше негізгі бағытты қамтиды. Солардың бірі – академиялық ұтқырлықты дамыту. Вокал, композиция, операға дирижерлік ету және аспаптық орындау (скрипка, фортепиано, үрмелі аспаптар және перкуссия) салаларында шығармашылық ынтымақтастық мүмкіндіктері қарастырылған. Сонымен қатар музыкатану, этномузыкатану, мәдениет менеджменті саласы бойынша бірлескен ғылыми зерттеулер жүргізу жоспарланған. Ынтымақтастық аясында студенттер мен оқытушыларды халықаралық бағдарламаларға, оның ішінде «International Summer Academy mdw»-ге қатыстыру жоспарланған.
Бұған қоса білім, өнер және мәдениет саласындағы ұзақмерзімді жобаларды іске асыру мүмкіндігі талқыланып жатыр.