АСТАНА. 24 наурыз. «Реал» (Мадрид) футбол командасының жартылай қорғаушысы, әзірге әлемдегі ең қымбат футболшы Гарет Бэйлдің көлігіне өз жанкүйерлері шабуыл жасады. Оқиға жексенбі күнгі «эль классикодан» кейін болған. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
Аталған ойында «Реалдың» «Барселонаға» 1:2 есебімен есе жібергені белгілі. Басты қарсыластарынан жеңілгенін көтере алмаған жанкүйерлер шарасыздан өз футболшыларына шабуыл жасады.
Бэйл ойыннан кейін өзінің Bentley маркалы көлігіне отырып, стадионнан шықпақшы болғанда бір топ жанкүйер оған лап қояды. Тіпті көлігінің алдына тұрып, футболшының кетуіне кедергі жасайды. Алайда, ол амалын тауып, жөніне кетті.
Футболшының ешқандай үн қатпастан кетіп қалғанына ызаланған «корольдік» клубтың жанкүйерлері «Реалдың» келесі ойыншысына тосқауыл болды. Бұл жолы олар шабуылшы Хесенің жолын кес-кестеді. Сол кезде футболшы көлігінің әйнегін түсіріп, жанкүйерлермен тілдесті. Аз-кем сұхбаттан кейін оны футбол фанаттары жөніне жіберді.
Өз жанкүйерлерінің бұл ісін сынға алған «Реалдың» вице-капитаны Серхио Рамос: «Сіздерге не болған? Бұл істеріңізді дұрыс деп санайсыздар ма?», – деп оларға істің мән-жайын түсіндіруге тырысты.
Гарет Бэйл 2013 жылдан бастап «Реал» сапында ойнайды. Ол бүгінге дейін аталған команда үшін 52 матч өткізіп, 27 гол соққан. «Корольдік клуб» футболшыны Англияның «Тоттенхэмінен» 100 миллион еуроға сатып алған болатын. Әзірге бұл көрсеткіш әлем бойынша рекордты сома ретінде тіркеулі тұр.
Еламан Қоңыр
Дерек: lenta.ru.
Сурет: prognozist.ru.
• 24 Наурыз, 2015
Гарет Бэйлге өз жанкүйерлері шабуыл жасады (видео)

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше