Фото: ҚТЖ
Компания мәліметінше, пойызда мынадай заттарды алып жүруге рұқсат етілмейді:
- Жарылғыш заттар мен құрылғылар, сондай-ақ пиротехникалық бұйымдар: салюттер, фейерверктер және жарылыс қаупі бар өзге де заттар.
- Радиоактивті, есірткі және психотроптық заттар, сондай-ақ тез тұтанатын сұйықтықтар мен химиялық қоспалар: мысалы, бензин, метил эфирі, метанол және сол сияқты қауіпті заттар.
- Тұтанғыш қатты заттар. Улы, күшті әсер ететін және уландырғыш заттар (сұйық немесе қатты күйде).
- Инфекциялық немесе биологиялық тұрғыда қауіпті материалдар: жұқпалы ауру тудыруы мүмкін заттар мен оларды қамтитын бұйымдар.
- Атыс қаруы, лақтырмалы, электрлі, механикалық, газды және травматикалық қару сынды қару-жарақ түрлері мен суық қарулар: пышақ, қанжар, штык, қылыш, палаш, ятаган, тесаки, кастет, кистень, стилет, шашка, семсер және өзге де заттар.
- Оқ-дәрілер мен патрондар: соғысқа арналған, жарық-дыбыстық, холостық, травматикалық әсері бар, аңшылыққа арналған жабдықталған патрондар және басқа да атуға жарамды снарядтар.
Әуе рейстері мен пойыздардың саны артады: Билет құны қымбаттай ма?
Бүгінде еліміздің ірі теміржол вокзалдары рентген-телевизиялық қондырғылар, стационарлық және қол металл детекторлар, сондай-ақ портативті анықтау құрылғыларымен толық жабдықталған.
Сонымен қатар, бейнебақылау, дабыл беру және күзет жүйелері үздіксіз жұмыс істейді. Жолаушылардың қауіпсіздігін тәулік бойы полиция қызметкерлері мен күзет ұйымдарының өкілдері қамтамасыз етеді. Жолаушылар тасымалындағы қауіпсіздікті күшейту мақсатында пойыздарда бейнебақылау жүйесі кезең-кезеңімен енгізіліп жатыр. Қазіргі уақытта Тальго пойыздарының 630 вагонына (24 құрам) 1 350 бейнекамера орнатылған. Сонымен қатар 19 бағытта жүретін 46 мейрамхана және бар-вагонда қосымша 92 камера іске қосылды. Барлық бейнематериал Ахуалдық орталыққа тікелей түседі. Онда мамандар әрбір төтенше немесе қалыптан тыс жағдайды жедел талдап, тиісті шешімдер қабылдайды.
2026 жылы «Қазақстан темір жолы» пойыздары мен «Air Astana» әуе кемелерінде жолаушылар үшін спутниктік интернетті іске қосу жоспарланып отырғанын хабарлағанбыз.
Айта кетейік, Ақтөбе – Маңғыстау бағытындағы пойыздың вагондары жаңарды.