Елорда • 14 Қаңтар, 2026

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

30 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Астанада ауа температурасының төмендеуіне байланысты екінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқу форматына көшірілді. Бұл туралы қала әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады, деп жазады Egemen.kz

Астанада екінші ауысымдағы оқушылар қашықтан оқиды

«2026 жылғы 14 қаңтар күні ауа райының қолайсыздығына байланысты екінші ауысымның 0-9 сынып оқушылары қашықтан оқыту форматына ауыстырылады», делінген хабарламада. 

Бүгін ел аумағының басым бөлігінде жауын-шашынсыз, аязды ауа райы күтіледі. Тек елдің батысы мен шығысында қар аралас жауын-шашын жауып, бұрқасын болуы мүмкін. Республика бойынша желдің күшеюі, көктайғақ және тұман күтіледі.

Айта кетейік, бүгін Астанада бірінші ауысымдағы 0-9 сынып оқушылары ауа райының қолайсыздығына байланысты қашықтан оқу форматына көшірілген еді. Сондай-ақ Қостанай облысында да бірқатар мектеп оқушылары уақытша қашықтан оқу форматына көшірілді. 

Соңғы жаңалықтар