Сурет ашық дереккөзден алынды
Альпинист 2023 жылы – 81, 2024 жылы – 101, ал былтыр – 70 шыңға шыққан. Бұл – үш жылдың өзінде 252 шың деген сөз. Спортшы осы жетістіктің өзін місе тұтып отырған жоқ. Жақында ғана Әзербайжандағы Шаһдаг тауына көтеріліп, Нахчыван автономиялық республикасындағы Хачадаг шыңын да бағындырған. Сондай-ақ Грузиядағы Қазбек пен Ирандағы Дамаванд секілді биік тауларға экспедициялар ұйымдастырған.