АСТАНА. 24 наурыз. Оңтүстік Африка республикасының соты теннистен «Уимблдон» турнирінің жұптық сынында бес дүркін жеңімпаз атанған Боб Хьюитті қыз зорлады және сол мақсатта күш қолданды деген күдікпен қамауға алды. Бұл туралы lenta.ru хабарлады.
Кеше алғашқы сот отырысы өтіп, бас қазы Берт Бам үш жәбірленуші әйелдің сөзін жақтады. Ол: «Үшеуінің келтірген деректері өте ұқсас. Сондықтан Хьюитті алдын ала дайындалған жоспар бойынша әрекет етті деуге толық негіз бар», – деді. Әйтсе де, бұрынғы теннисші өзіне тағылған айыпты мойындаған жоқ.
Айта кетейік, ОАР сотына осы жылдың ақпан айында 75 жастағы Хьюиттің үстінен өзінің бұрынғы шәкірті арызданған. Онда шағымданушы тарап 1990 жылдары Бобтың қол астында жаттыққанын, айтып: «14-тен 17 жасыма дейін үш жыл Боб Хьюиттен тәлім алдым. Сол кезде ол дәл корттың ортасында мені зорлады», – деген.
Бұған дейін де жасы келген спортшының үстінен осындай екі арыз түскен. Ол кезде қылмыстық із қозғалып, тіпті 2012 жылы теннистің Халықаралық даңқ залынан аты алынып тасталды. Боб Хьюиттің есімі ол жерге 1992 жылы енгізілген еді.
Аталған спортшы жұптық сайыс бойынша «Үлкен Дулыға» турнирлерінің тоғыз дүркін жеңімпазы. Соның бесеуіне «Уимблдон» турнирінде қол жеткізген. 1964 жылға дейін Австралия атынан сынға түсіп келсе, кейін ОАР-ға қоныс аударып, сол елдің намысын қорғады. Спортшы ретінде ол барлығы 600 мың доллар табыс тапқанын айта кетейік.
Еламан Қоңыр.
Дерек: lenta.ru.
Сурет: gotennis.ru.
• 24 Наурыз, 2015
75 жастағы әйгілі теннисшіге қыз зорлады деген айып тағылды

«Таза Қазақстан»: Келешек мектептерінің оқушылары экоакцияға қатысты
«Таза Қазақстан» • Бүгін, 13:46
Түркістан облысында екі көпірді су шайып кетті
Аймақтар • Бүгін, 13:06
Ақтауда көпқабатты тұрғын үйден өрт шықты: 14 адам эвакуацияланды
Аймақтар • Бүгін, 12:30
Биыл елімізде әскери парад өтпейді
Әскер • Бүгін, 12:12
Таразда мектеп аумағында биіктіктен құлаған оқушы ауыр жарақат алды
Аймақтар • Бүгін, 11:12
Мереке күндері ХҚКО-лар қалай жұмыс істейді?
Оқиға • Бүгін, 10:50
Жасөспірімдер Алматы тауларынан түсе алмай қалған
Қоғам • Бүгін, 10:34
Әлем нарығында мұнай бағасы 2 долларға арзандады
Экономика • Бүгін, 09:43
2 мамырға арналған валюта бағамы
Қаржы • Бүгін, 09:30
Бүгін елімізде ауа райы қандай болады?
Ауа райы • Бүгін, 09:17
Алматы облысындағы танымал туристік бағыттар қоқыстан тазартылды
Аймақтар • Кеше