Руханият • Кеше

Қазақ кітаптары – Үндістанда

40 рет
көрсетілді
2 мин
оқу үшін

Нью-Делиде өтіп жатқан дәстүрлі халықаралық кітап көрмесінде қазақ әдебиетінің туындылары да таныстырылды. Үнді жұртшылығының назарына ұсынылған шығармалар түрлі жанрда топтастырылған.

Қазақ кітаптары – Үндістанда

Азиядағы ең ірі әдеби алаңдар­дың бірі санала­тын көрмедегі ұлттық стенд­ке қазақ әдебиетінің классикалық және заманауи үлгілері, сондай-ақ елдің тарихы мен мәдениетін танытатын басылымдар қойылды.

Мәселен, Мұхтар Әуе­зов, Әбіш Кекілбай, Бер­ді­бек Соқпақбаев, Сайын Мұрат­беков, Орал­хан Бөкей, Дулат Иса­беков сынды шоқтығы биік жазу­шылардың шы­ғармаларын қосқанда жалпы жиырмаға жуық аударма кітап ұсы­нылған. Ал Абай­дың қара сөздері хинди тіліне аударылды.

Ұйымдастырушылардың айтуынша, көрмеге баспагерлер мен аудармашылар ғана емес, Үндістанның жетекші университеттерінде оқитын студенттер де ерекше қызығушылық танытқан.

Тарих ғылымдарының докторы Саттар Мәжитовтің айтуынша, қазақ тарихына деген сұраныс айрықша байқалған.

«Бүгінгі Делидегі көр­ме үндістандық студенттер тарапынан үлкен қызы­ғушылық тудырды. Әсі­ресе Дели университеті, Джа­вахарлал Неру университеті, Ганди университеті секілді жоғары оқу орындарының өкілдерінен көп сұрақ қойылды. Олардың басым бөлігі Қазақстан тарихына қатысты болды. Көрмеде ел тарихына арналған кітап­тар, қазақ тіліндегі бес томдық «Қазақстан тарихы», Қазақстанның материалдық емес мәдени мұрасы туралы басылым, сондай-ақ Мырза Хайдар Дулатидің еңбектері ұсынылды», дейді ол.

ф

Айта кетейік, Үндіс­тандағы халықаралық кітап жәрмеңкесі тұрақты ұйым­дастырылғалы да жарты ғасыр­дан астам уақыт өтіпті. 

Кітап көрмесіне қатысып жатқан филолог Айнұр Ахметова кейінгі жылдары қазақ әдебиетінің ағылшын тілді аудиторияға жүйелі түрде таныстырылып келе жатқанын айтты.

Кейінгі жылдары біз Кембридж университеті шығарған екі антология­ны ұсынып жүрміз. Оларға ХХ–ХХІ ғасырдағы қазақ авторларының шығармалары енді. Бірі прозаға, екіншісі поэзияға арналған», деді ол.

Ал жас жазушы Әлішер Рахат осындай көрмелерде қазақ әдебиетінің бірнеше тілде ұсынылғаны маңызды екенін тілге тиек етті.

Еске салайық, Нью-Дели­дегі халықаралық кітап жәр­меңкесі 18 қаң­тарға дейін жалғасады. Қазақ­стан экспозициясын әзірлеуге Мәдениет және ақпарат министрлігі, Ұлттық кітапхана және Қазақ­станның Үндістандағы елші­лігі атсалысқан. Ұйым­­дас­тырушылардың пікі­рінше, мұндай жобалар ше­телдік оқырманды қазақ әдебиетімен таныс­тырып, елдер арасындағы мәдени байланыстарды ны­ғайтады. 

Соңғы жаңалықтар