Президент • 13 Қаңтар, 2026

Президент Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

40 рет
көрсетілді
1 мин
оқу үшін

Президент – Қазақстан Республикасы Қарулы Күштерінің Жоғарғы Бас қолбасшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қорғаныс ведомствосының 2025 жылы атқарған қызметі туралы есепті тыңдады, деп жазады Egemen.kz.

Президент Қорғаныс министрі Дәурен Қосановты қабылдады

Фото: Ақорда

Дәурен Қосанов Мемлекет басшысына армияның жауынгерлік әзірлігі және Қарулы күштерді дамытудың басымдықтары жөнінде мәлімет беріп, цифрлық технологияларды енгізу, әскери-патриоттық тәрбие жұмыстары, сондай-ақ қорғаныс инфрақұрылымын жетілдіру шаралары туралы баяндады.

Сондай-ақ Қорғаныс министрі Президенттің Қарулы күштер сапында тәртіп орнату жөніндегі тапсырмасының орындалу барысы жайында ақпарат ұсынды.

Жоғарғы Бас қолбасшы министрге армияның жауынгерлік әзірлік деңгейін арттыру, әскери және құқықтық тәртіпті күшейту жөнінде нақты міндеттер жүктеді.

Айта кетейік, күні кеше Президент Қаржылық мониторинг агенттігінің төрағасын қабылдады.